Тұңғыш рет "Жас суретшілер" көрмесі өтті

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінде оқушылардың көшбасшылық командасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Жас суретшілер» көрмесі өтті. Көрмеге білім ошағының үздік қылқалам шеберлері өз шығармаларын шығарды. Шараның ерекшелігі – мектептің көшбасшы тобының түрлі идеяларын ортаға салып, толықтай өздерінің ұйымдастыруы. Көрмеге өз туындыларын шығарған өнер иелері ерекше толқыныстағы көңіл күйде болды. Іс шараны тамашалауға келген көрермендер оқушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. – Мен үшін бүгінгі көрме ерекше болды. Мен өзім салған суреттерді алғаш рет көрмеге ұсынып отырмын. Маған әр тақырыпта суреттер салған ұнайды, жалпы сурет салу менің сүйікті ісім. Бүгінгі көрмені ұйымдастырған мектептің көшбасшы оқушыларына алғыс білдіремін. Осындай бізге мүмкіндік беріп, біздің өнерімізді таныстырғандары үшін. Болашақта осындай жобалар мектебімізде болса, мен де өз идеяларыммен бөлісіп, белсенділік танытамын деп шештім, – дейді 6 сынып оқушысы Мария Мищенко.