"TOP 40"

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінде 3 ші тоқсан қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. TOP 40 –қа академиялық білім рейтингісі бойынша үздіктер қосылды. Айта кету керек оқу ордасында әр тоқсанның соңы үздік 40 оқушы марапатталады. Бұл өз кезегінде мектеп тәрбиеленушілері үшін үлкен мотивация. Себебі, олардың тоқсан бойғы еңбектері еленіп, мақтау қағаздары табысталады. – Мектеп оқушылары «ТОP 40» қатарына кіру үшін тоқсан бойы тынбай еңбектенеді. Академиялық білім рейтингісінің қорытындысын мектепте өтетін салтанатты саптүзеуде жариялап отырамыз. Бұл үрдіс жақсы нәтиже беруде. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, –деді мектеп директоры Бауыржан Төленов.