Қызылжар Абай орта мектебі тәжірибе таратты

Артқа қайту

Бүгін мектебімізде облыстың білім бөлім басшылары, мектеп директорларымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өтті. Жиында Тайынша, Уәлиханов, Айыртау, Қызылжар ауданы және Көкшетау қаласы аудандық білім бөлімінің басшылары мен мектеп директорлары болды. Мемлекеттік жеке меншік серіктестіктің ерекшелігі туралы түрлі ой бөлісілді. Мектебіміздің алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен таныстырылып,жұмыс жасау жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісілді. Меймандарға мектептің көшбасшыларынан құралған топтың мүшелері қала және ауыл мектептерінің білім сапасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған мектеп жайлы толықтай ақпарат берді. Артынша соңғы үлгіде жөндеу жұмыстары жүргізіліп материалдық-техникалық түрде толықтай жабдықталған ауыл мектебінің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Оқушылар өз кезегінде білім алушылар үшін мектептің оң өзгеріске ұшырағанынан қандай әсер алғандарымен де бөлісті. Кездесу соңында мектеп басшысы Бауыржан Төленов барша қауымға оқу ордасының оқу және тәрбие жұмысы бағытымен таныстырды.