Сыңғырла соңғы қоңырау

Артқа қайту

Биыл Қызылжар Абай мектебінің 15 оқушысы үшін, ең ыстық сәттердің бірі соңғы қоңырау соғылды. Енді біздің түлектер жаңа өмірге аяқ басты. Мектеп бітіруші Ева Воронюк - оқу үздігі, қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқан болса пән олимпиадаларының жеңімпаздары Малхасян Рузана, Әділ Теміров, Валерия Николаева, Ульяна Весна, Даниил Боробков жетістіктері үшін марапатқа ие болды. Мектеп директоры Бауыржан Төленов барша жиылған оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар қауымын мерекемен құттықтап, түлектерге сәт-сапар тіледі. Айта кету керек оқу ордасы жаңартылған кезден бері көптеген оң өзгерістер орын алуда. Мектептің оқу-тәрбие ісінің ілгері жүруінің арқасында оқушылардың білімге құштарлығы күннен-күнге артуда. Осы орайда мектеп ұжымының атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Алда Қызылжар Абай мектебі жазғы лагерь маусымына дайындалмақ.