Сәт сапар саған, жас түлек!

Артқа қайту

Биыл алтын ұя мектебімен 15 шәкірт қимай қоштасты. Он бес түлектің екеуі Үздік аттестат иегерлері. Түлектерге арналып мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп директоры Бауыржан Төленов жас өрендерге сәт-сапар тілеп, болашаққа нық сеніммен қадам басуға, білімге құштар болуға, өз кәсібі мен еліне адал болу қажеттігі туралы айтты. Шара соңында түлектерге «ақтық байлау» рәсімі ұйымдастырылды. Ағашқа ақ шүберек байлатылудың себебі алдағы жолдарының ақ болсын деген ниетпен жасалды. Әрбір түлек мектеп мұғалімдері үшін ыстық. Біз әрдайым сіздерді сағынышпен, жақсы естеліктермен, қызықты оғиғалармен еске түсіріп отыратын боламыз! Ақ жол тілейміз!