Кітапқа құштар мектеп: Бойымдағы көшбасшылық: Мектеп пен ата-аналар балалардың жетістікке жетуіне қалай көмектеседі?

Артқа қайту

«Оқу мектебі» шарасының аясында Қызылжар Абай орта мектебінде «ReadX» ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Арман Мұқанов "ReadX» форматында мектеп ұжымын «Лидер во мне» атты бестселлерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Аталмыш туындының авторы шетелдік Стивен Кови. Туындыда автор әр балаға өзінің көшбасшылық қабілетіне жетуге қалай көмектесуге болатындығы жайлы түсіндіреді. Балаларды жауапкершілікке және өздігінен шешім қабылдауға, өз өмірін басқаруға және оны жақсы жаққа өзгертуге қалай үйрету керек? Стивен Ковиде осы сұрақтардың барлығына жауаптары бар. Сондай-ақ, ол әрбір ата-ана мен мұғалім балаларының білімге ұмтылғанын және тәртіпті болғанын, мақсат қоя білгенін және бастамашыл болуын қалайды деп санайды. Кітап оқырман үшін ерекше қызықты, ол қолданылған мектептерде көптеген жылдар бойы үлкен нәтиже беріп келе жатқан үйлесімді жүйені сипаттайды. Бұл әдістеме дәстүрлі құндылықтарға негізделген және әйгілі «Жоғары тиімді адамдардың 7 әдетін» толық түрде толықтырады. – «Біздің мектепте әр сенбі сайын ReadX шарасы ұйымдастырылып тұрады. Осы жолы біз Стивен Ковидің «Лидер во мне» шығармасының алғашқы бестселлерімен таныстық. Ол туралы тарих пәнінің мұғалімі Арман Мәлікұлы таныстырылым жасады. Іс-шараның өткізілуі аса маңызды. Себебі қазіргі тоқтаусыз жылдам дамыған заманда қайраңға шығып, буырқанған теңіз жағасында қалып қоюға болмайды. Адам кедергілергі жеңу үшін өзгеруі керек. Осы таныстырылымнан аңғарғаным: бүкіл адамзатқа тән құндылықтарды игере отырып, өз бойымыздағы көшбасшылықты оятсақ, кез-келген кедергіні жеңуге болады.