15 -мамыр Отбасы күні!

Артқа қайту

Отбасы күні мерекесі аясында Қызылжар Абай орта мектебінде бастауыш сынып арасында таза ауада спорттық эстафета өтті. Ата-аналармен балаларды бірлестіріп ұйымдастырылған шара өте қызықты өтті. Барлығы өздерінің татулығы мен жылдамдығын көрсетті. Мектептің көңілді эстафета ұйымдастырғанына өте ризамыз. Таза ауада өзіміз де балалар да Отбасы күні ұмытылмас эмоция алдық, - дейді ата-аналар.