Қызылжар Абай орта мектебіне Әз-Наурыз келді

Артқа қайту

Оқу ошағы Әз Наурызды тойлауға кірісті. Бүгінгі күн саптүзеуден басталып мерекелік апталық ашылды. Жас ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатпен Петерфельд ауылының ақсақалы Балғабай ата ақ батасын беріп ақ жаулықты Күлбаршын әже шашу шашты. Жалпы апта бойы Қызылжар Абай мектебі Наурыз мейрамын тойлауға арналған түрлі іс-шараларды іске асырмақ. Айта кету керек Наурыз - қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан қасиетті мейрам. Наурыз - парсы сөзі, қазақша «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.