«Мисс грация» Қызылжар Абай орта мектебінде оқиды

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінің оқушысы Рузана Малхасян ҚХА СҚОФ ұйымдастырған сұлулық байқауында «Мисс грация» номинациясына ие болды. Байқау Халықаралық әйелдер күніне ұйымдастырылыпты. Рузана «Кентрон» СҚО Армян мәдени орталығының» атынан өнер көрсеткен. Айта кету керек, ҚХА Елбасының бастамасымен құрылған. – Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Барлық этнос өкілдерінің арасында татулық пен достық қалыптасқан. Бұл жай сөзім емес. Себебі- мен бұл қарым-қатынасты барлық жерде сезінемін. Оқып жүрген мектебімде немесе кез-келген барған жерімде. Осы мемлекетте өмір сүріп, оқып жатқаныма қуаныштымын. Байқаудың ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Мереке қарсаңында ұмытылмас көңіл-күйге ие болдым, – дейді Рузана.