Мектепке жол

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – мұқтаж балаларға, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Біздің мектеп акция аясында оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға септесуде. Көмекке мұқтаж балалардың мәліметтер базасы құрылды. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға, мектебіміздің 11 оқушысына «Қызылжар Абай орта мектебі» атынан киім-кешектер, аяқ киімдер, кеңсе тауарлары мен оқу құралдарымен көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Петерфельд-Агро» ЖШС-нің де шет қалмағанын атап өту керек. Компания көпбалалы отбасынан шыққан 2 оқушыға қажетті киім, аяқ киім, оқу құралдарымен көмек көрсетті. «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Петерфельд» LPDS қызметкерлері аз қамтылған 3 отбасына (9 мектеп оқушысы) мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім, маскалар, антисептиктер сынды қажетті заттарды тарту етті. Сонымен қатар отын әперіп акцияға өз үлестерін қосты. Мектеп қызметкерлері киім, аяқ киім, кеңсе құралдарымен көмек көрсетті. Бұл акция біздің мектеп үшін дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.