Республикалық Мағжан оқулары байқауынан мектебіміздің 10 сынып оқушысы Аружан Молдыбаева 3 орынды иеленді. Аружан «Толқынмен толқын сырласып» номинациясында Мағжан шығармалары бойынша ғылыми зерттеулер байқауына қатысты. Оқушыны байқауға дайындаған мұғалім: Нұрғожин Ғалым Маруарұлы. Жалпы байқауда облыс бойынша 36 оқушы өз бақтарын сынаған. Алайда біздің Аружан үздік үштіктің қатарынан көрінді. Құттықтаймыз!