Қызылжар Абай мектебі жазғы лагерьге шақырады!

Артқа қайту

Егер сіз балаңыздың жазғы демалысын таза ауада, әлеуметтік дағдыларын дамытып пайдалы түрде өткізгенін қаласаңыз маусымның бірінен тамыздың 20-на дейінгі аралықта біз ұйымдастырып жатқан жазғы лагерьге беріңіз! - Демалыс уақытында балалар Академиялық білімін шыңдайды. Атап айтсақ: ағылшын және қазақ тілдерін дамытады, ментальді арифметикамен айналысады, физика, химия-биология зертханасында жұмыс жасайды және робототехника бойынша дәріс алады. Сонымен қатар Шығармашылық бағытта домбыра тартуды, кәсіби түрде вокалмен айналысуды, би, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды, сурет салуды үйренеді. - Сабақтардан бөлек балалар футбол, волейбол, теннис, шахмат, дойбы және дәстүрлі – күрес, бес асық, тоғыз құмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады. - арт терапия үйірмесі мен травма терапия үйірмесі және логопедтің жұмысы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Балаңыз бар болғаны 18500 теңгеге кәсіби мамандардан сабақ алып, академиялық және шығармашылық бағыттарын дамытуға мүмкіндік алады. Уақытылы берілетін ыстық тағам мен таза ауа жасөспірімнің иммунитетін қалыптастырып, күш береді.
Біздің мекен-жайымыз: СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд селосы. Школьная көшесі 3 «А» Байланыс телефондары: +7 (715) 38 2 30 17 ; + 7 (747) 930 24 26; +7 778 905 99 48:
арналған сілтеме:https://forms.office.com/pages/responsepage.aspx?id=XHdnM8WKvkiCgGfHjHmoKHUvmiuSdNhNjQqErTnz8QtUMjZXQ0JaQzhVNllCUkgzWE5RRE9WUThVRS4u