Қызылжар Абай орта мектебі жазғы лагерьдің бірінші маусымын сәтті аяқтады

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебі Жазғы лагерьдің бірінші маусымын сәтті аяқтап, балаларға ұмытылмас мереке сыйлады. Балалар жазғы демалысын таза ауада, әлеуметтік дағдыларын дамытып пайдалы түрде өткізді. Біріншіден олар академиялық білімін шыңдай алды. Атап айтсақ: ағылшын және қазақ тілдерін дамытып, ментальді арифметикамен айналысып, физика, химия-биология зертханасында жұмыс жасап және робототехника бойынша дәріс алды. Сонымен қатар шығармашылық бағытта домбыра тартуды, кәсіби түрде вокалмен айналысуды, би, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды, сурет салуды үйрене алды. - Сабақтардан бөлек жасөспірімдер футбол, волейбол, теннис, шахмат, дойбы және дәстүрлі – күрес, бес асық, тоғыз құмалақ сынды спорт түрлерімен айналысып, қызықты уақыт өткізді. Соынмен қатар арт терапия үйірмесі мен травма терапия үйірмесі және логопедпен барлық балалармен жұмыс жасады. Егер сіздің де балаңыз осы лагерьдің келесі маусымына үлгерсін десеңіз біздің мекен-жайымыз: СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд селосы. Школьная көшесі 3 «А» Байланыс телефондары: +7 (715) 38 2 30 17 ; + 7 (747) 930 24 26; +7 778 905 99 48: