«Көктем. Арулар. Гүлдер»

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебі көктемнің ең әдемі мерекесі Халықаралық әйелдер күніне қызу дайындық үстінде. Ұжым мен оқушылар сабақтан тыс уақытта мектепті безендіріп, бар өнерлерін ортаға салды. Мектепке баннер қойылып, аналар қауымына арналған «Менің адамның портреті» атты фотокоөрме ашылды. Осы күндері мектеп оқушылары аналарына деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін ерекше етіп жеткізуге тырысуда. Сондай-ақ мектеп ұжымы «Әйелдер бейнесі тарих аясында», «Көктем.Арулар.Гүлдер» атты кітаптар көрмесі мен кітапхана сабағын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мереке аясында ата-аналарға «Асыл анама арнау» атты бейне-сынып сағаты өтеді.