Кітапқа құштар мектеп

Артқа қайту

"Оқу мектебі" шарасының аясында Қызылжар Абай орта мектебінде «ReadX» ұйымдастырылды. Мектеп директоры Бауыржан Туленов «ReadX» форматында мектеп ұжымын «Четырехмерное образование» атты кітаппен егжей-тегжейлі таныстырды. Аталмыш туындының авторлары шетелдік Ч. Фейдл, М. Бялик және Б. Триллинг. Туындыда авторлар білім беру жүйелерін сынақтан өткізіп қоймай, кемшіліктерін орынды анықтай алды. Оқырман назарына болашақ моделі ұсынылды. Кейіннен кітап мұғалімдер арасында да талқыланып, білім беру процесін қалай модернизациялауға болатыны туралы ой қозғалды. Жалпы мектеп ұжымы бұл шарадан үлкен әсер алды. – «Кітап - терең білім мен ұшқыр ойды қалыптастыруға арналған ең қажетті құрал. Білікті педагог осы дәстүрлі құралды өздігінен даму мен жан-жақтылық принциптерін іске асыру үшін қолдана алады. Ұжым үшін бүгінгі шараның маңызы зор болды. Осы кітаптың таңдалуы да өте дұрыс бағыт деп ойлаймын», – дейді тарих пәнінің мұғалімі Карина Хайрушева.