Қызылжар Абай мектебінің «Көмек керуені» ауыл тұрғындарына жадынамалар таратты

Артқа қайту

«Көмек керуені» еріктілер әлеуметтік жобасы аясында Қызылжар Абай орта мектебінің 9 сынып оқушылары ауыл тұрғындарына пайдалы жадынамалар таратты. Жадынамаларда салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтанудың жолдары, денсаулықты күту, инфарктің алдын-алу, вакциналардың пайдасы туралы барлық ақпараттар жарияланған. Еріктілердің мақсаты тұрғындардың денсаулығын жақсарту жолында өз үлестерін қосу.