Қызылжар Абай орта мектебінің «Көмек керуені» басталды

Артқа қайту

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жарық көргеніне биыл 4 жыл. Осы аралықта ел ішінде біршама рухани жаңғыру процесінен өтті. Шараға орай Қызылжар Абай орта мектебінде «Көмек керуені» атты әлеуметтік жобасы бойынша еріктілер апталығы басталды. Шараның мақсаты оқушыларды игі істерді атқару әр азаматтың рухани борышы екеніне баулу. Бүгін шараны ашқан мектеп оқушылары ауыл тұрғындарының көңілін көтеруге тырысты. Балалар бір әуе шарынан әрбір жанға сыйлап, жақсы тілектерін айтты. Ойламаған жерден болған тосын сыйға, тұрғындардың ризашылығы шексіз болды. – Бүгін расында көңіл күйім онша емес еді. Балалардың келіп ықыластарын білдіріп жатқандарына қатты разы болдым. Осындай шаралар оқушыларды көпшіл болуға тәрбиелейді,–деді ауыл тұрғындарының бірі.