Оқушылар мен мұғалімдер мектеп ауласын "гүлдендірді"

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары оқу ордасының маңайына түрлі гүлдерді отырғызды. Осылайша мектеп тәрбиеленушілері бірінші болып көктемгі «егіс науқанын» ашты. Енді мына әсем гүлдер мектеп ауласында ерекше күтіммен өсірілетін болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша шараның мақсаты оқушыларды көгалдандыру жұмысына тартып, табиғатты ерекше қорғауды бойларына сіңіру. Мұндай шаралар жылда жалғасын таппақшы.