Мектепте салтанатты түрде заманауи үлгідегі футбол алаңының ашылу рәсімі өтті. Осыған орай мұғалімдер, оқушылар және қыздар командасы арасында футболдан тартысты жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын -мектептің ұлдар командасы, 2 орын ер мұғалімдер командасы, 3 орын екінші ұлдар командасы, 4 орынды қыздар командасы алды. Тартысты дода ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Алдағы уақытта мектебімізде спорт саласына әдеттегідей үлкен көңіл бөлініп, түрлі жарыстарды өткізу жоспарлануда. Заманауи спорт алаңдарының бой көтеруі, оқушылардың спортқа қызығушылықтарын арттыра түсіреді.