Ұжыммен фильм тамашалау

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінің ұжымы ұжыммен бірге «История Рона Кларка» фильмін бірге тамашалады. Сенбі күнгі таң ерекше қарбаласпен басталды. Мұғалімдер бөлмесі әдеттегіден өзгеше кейіпке енген. Шай дастарханы жайылып, жұмсақ орындықтар қойылған. Жанға жайлы, баяу музыка ойнап тұр. Аталмыш фильм өмірде болған шынайы оқиғалар негізінде түсірілген. Басты кейіпкері Рон Кларк – жас ұстаз. Фильм оқиғалары Рон Кларктың «жолы болмағандар» сыныбында қалайша оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сенуге, армандауға, құштарлықпен оқуға үйрете алғаны туралы баяндайды. Оқушыларды армандауға, өзіне сенуге, құштарлықпен оқуға үйрету бүгінгі күні әрбір ұстаз үшін өзекті мәселе. Фильмді талқылау барысында мұғалімдер өз сыныптарындағы жағдайлар туралы, ата-аналармен ынтымақтастық туралы тереңінен ой толғап, жоспар құрды. Мұғалімдердің бұл кездесуден жағымды эмоциялық қуат алғаны көңіл-күйлерінен байқалды. Біріншіден мектеп әкімшілігі жасаған бейресми атмосфераға қатты риза болдық. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің өздерін бос ұстап, демалып отыруына ықпал етті. Соңында фильмді біраз талқылап, өз мектебіміздің өмірімен байланыстырып, бірнеше шешімге келдік. Біріншіден, әкімшілік пен мұғалімдер, мұғалімдер мен ата-ана, мұғалімдер мен оқушы және әріптестер арасында жақсы қарым- қатынас жасау мақсатында «берекелі саясат» ережелері жасап, шығару ұсынылды. Екіншіден, сыныптарда сынып сағаттарын өткізіп, оқушылар ережелерін талдап, бекіту қажет.Үшіншіден, әр мұғалім мектеп өміріне белсенді қатысып, мектеп өмірін жақсартуға өз үлесін қосып, әр кезеңде белсенділік танытуға тырысса деп, ұжым шешімге келді,-деген ойымен бөлісті қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дина Шериева.