Қызылжар Абай орта мектебінде экология апталығы аяқталды

Артқа қайту

Өскелең жас ұрпақтың экология мәдениетін дамыту, өз туған жерін, қоршаған ортасын сақтауға деген жауапкершілігін, әлеуметтік саналылығын қалыптастыру, қоршаған ортаның маңыздылығын түсіндіру мақсатында білім ошағында экология апталығы өткізілді. Шара аясында 9,10,11 сыныптар арасында «Жасыл ел» дебаты, бастауыш сынаптар арасында сурет және қалдық заттардың екінші өмірі атты көрме, 7в сыныпта «фитосалат пайдасы» атты шара өттті. Онда оқушылар іске жарамай қалған заттарға екінші өмір беріп, табиғи өнімдерден салат жасауды үйренді. Ұйымдастырушы ұстаздардың айтуынша осындай шаралар арқылы – оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге, жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейтуге ықпал етіледі.