Қызылжар Абай орта мектебінде алғыс айтылды

Артқа қайту

Алғыс айту күніне орай мектебімізде «Алғыс білдіру» атты тілектер мен алғыс тақтасы ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен балалар алғыс тақтасына туған жерге, отбасына, ата-аналарға, ұстаздар мен дәрігерлерге, жақын жандарға деген алғыстарын білдірді. Ертемен мектепке келген ұжым мен оқушылардың көңілін ерекше көтерген тақта алғыстың нышаны ретінде орналасты. Осылайша көктемнің алғашқы күні Қызылжар Абай орта мектебіне ерекше рең берді. Ұстаздарымының мектепке алғыс тақтасын қойғанына қуандым. Осы тақтаға өзімнің алғыстарымның барлығын жаздым. «Алғыс айту» арқылы достарыма, мұғалімдеріме жақсы энергия жібергеніме қуныштымын, – дейді 11 сынып оқушысы Әділ Теміров. Сондай-ақ бұл күні мектепте 2 «а» сыныбының оқушылары өз достарына алғыстарын жылы тілекпен ғана айтып шектелмей, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарымен білдірді. Қызылды-жасылды көздің жауын алатын сыйлықтарға ие болған бірінші сынып оқушылыраның қуанышында шек болмады. Ұйымдастырушы ұстаздардың айтуынша мұндай шаралар балалардың бір-біріне деген сыйласты мен достығын арттырады.