ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Артқа қайту

Қызылжар Абай мектебі Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз қарым-қатынаста. Біздің педагогтар аталған білім ордасында тәжірибеден өткен үздік әдістемелерді өз жұмысында пайдаланады. Зияткерлік мектепте қазақстандық балаларға сабақ беріп жүрген шетелдік мұғалімдер біздің ұстаздармен кездесті. Меймандар екіжақты әріптестік аясында өз тәжірибелерімен бөлісті. Қызылжар Абай мектебіндегі химия, физика, биология, информатика кабинеттері ең соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Шетелдік мұғалімдер заманауи техниканы ұтымды пайдаланудың сырымен бөлісті. Кездесу соңында тәжірибе алмасуға бағытталған кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастыру ұсынылды. Қала және ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты азайту – бұл отандық білім беру саласындағы басты бағыттардың бірі. Қызылжар Абай орта мектебінің мақсаты да осы. Заманауи білім ордасында 269 оқушы білім алып жүр. Мектептің оқу-тәрбие жүйесінде білім берудің инновациялық тәсілдері мен Абайдың педагогикалық идеялары ұштастырыла жүзеге асырылуда.