Оқушылар Наурыз мерекесі жайлы 22 қызық дерекпен танысты

Артқа қайту

Мектебімізде жыл басы Наурыз мерекесі аталып өтілді. Мұғалімдер таң сәріден келген оқушыларды қазақи дәстүрге сай шашумен қарсы алды. Көпшілік ыстық бауырсақтан да дәм татты. Мектеп директоры Әділбек Ысмағұлов ұстаздар мен шәкірттерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыс тіледі. Мерекелік шараға жиналған оқушылар түрлі спорттық сайыстардан сынға түсті. Бес асық, тоғыз құмалақ, арқан тартыс, шахмат, шашки сынды ойындардан мықтылар анықталды. Сынып сағаты ұйымдастырылып, балаларға Наурыз мерекесі туралы 22 қызықты факті туралы айтылды. Оның қорытындысы бойынша оқушылар постер жасады.