«Ана деген тіршіліктің тірегі»

Артқа қайту

Дәл осындай атаумен Қызылжар Абай мектебінде Халықаралық әйелдер күні мейрамына арналған концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ақ жаулықты әжелер, аналар, ұлағатты ұстаздар, қылықты қыздар шақырылды. Білім беру мекемесінің директоры Әділбек Ысмағұлов мерекелік шараға жиналған нәзік жандыларға жылы лебізін арнап ақ тілектерін жаудырды. Ал оқушылар жағы әсем ән мен әдемі биден шашу шашты. Оқу жылының басында мектебімізде домбыра, вокал және хореография үйірмелері ашылған болатын. Шәкірттер үйірмеде тәлімгерлерінен үйренген өнерді көпішілік алдында паш етті. Көрермендер қол соғып, оларды ыстық ықыласқа бөледі. Ата-аналар мен ұстаздар оқушыларға ақ батасын беріп, концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті