БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Артқа қайту

Мектебімізде «Reporter» журналистік клубы өз жұмысын бастады. Үйірмеге қатысушылар ұйымдастырған ең алғашқы шара баспасөз конференциясы болды. Оған Алматы қаласында өткен FIRST роботтехника бойынша халықаралық чемпионатының республикалық кезеңіне қатысып келген оқушылар шақырылды. Баспасөз жиынының тізгіні пресс клуб мүшесі Сабина Қожахметоваға тапсырылды. Спикерлер Алматы қаласынан барған сапарынан алған әсерлерімен, дүбірі дода жайындағы ойлары, болашақ жоспарларымен бөлісті. «Робототехника – мен үшін өте пайдалы үйірме. Жалпы робот құрастыру, бағдарламалау – кез келген адамның ойлау қабілетін арттырары сөзсіз. Бұл жұмыс оңай демес едім, дегенмен қызық. Көп еңбектенуді талап етеді. Есесіне басқа қалаларға, тіпті өзге мемлекеттерге барып, түрлі сайыстарға қатысуға, саяхаттауға болады. Жаңа адамдармен танысып, достарың көбейеді», - дейді Ансар Садриев. Жиынға келген көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтары, қойып, тұщымды жауап алды. Өздері құрастырған роботтар жайлы айтып, қалай жұмыс істейтінін көрсетті.