Мамандық таңдау – маңызды қадам

Артқа қайту

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Осы орайда шәкірттерге бағыт-бағдар беру мақсатында мектебімізде кәсіптік бағдарлау жұмысы жүзеге асырылуда. Оқушылармен кездесуге арнайы келген Қозыбаев университетінің проректоры Дәмел Мектепбаева өзі еңбек ететін жоғары оқу орны туралы айтып берді. Биотехнолог, жас ғалым-новатор жоғарғы сынып оқушылары үшін өте құнды мәліметтермен бөлісті. Ол «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері ретінде АҚШ-тың Индиана университетінде білім алған. Оқу орнын үздік дипломмен аяқтап, қос мамандық иесі – биотехнолог және химик атанды. Білікті маман жастарға болашақ кәсіпті қалай дұрыс таңдауға болатыны, ҰБТ-ға тиімді дайындалу жайында айтып берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, тұщымды жауап алды.