ЖАРАЙСЫҢ, ЖАНСАР! Оқушылар сарайында «ROBOTIME» спорттық робототехника бойынша облыстық жарыс ұйымдастырылды.

Артқа қайту

Оқушылар сарайында «ROBOTIME» спорттық робототехника бойынша облыстық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 5 категория бойынша - «Сумо 15×15», «Кегельринг квадро», «Эстафета», «Эстафета - адаымдаушы робот», «Арқан тарту» өтті. Сайыскерлердің шеберлігі жиналған ұпай саны бойынша бағаланды. Қызылжар Абай мектебінің 8 сынып оқушысы Жансар Садриев «Кегельринг квадро» санатында үздік танылып, 1 орынға ие болды. Жарысқа Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысының 9 ауданынан 59 команда қатысты. Облыстық сайыс 118 оқушының басын қосты.