Қызылжар Абай орта мектебінде кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді

Артқа қайту

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін әскери кәсіпке бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарын оқушыларға әскери патриоттық тәрбиелеу жоспарына сәйкес Ұлттық ұлан Әскери институты, Шекара қызметі, ішкі істер органдар қызметі және төтенше жағдайлар қызметшілері өткізді. Ұйымдастырушылар үгіт насихат барысында оқушыларға әр қызметтің тапсымалары мен міндеттері жайлы, сондай-ақ оқу орына түсу туралы ережелерімен талаптарын түсіндірді. Үгіт насихат жұмыстарының қорытындысы бойынша оқушылар әскери қызметтің қыр-сырын біліп, жақсы әсермен бөлісті. Айта кету керек мұндай жұмыстар өз кезегінде оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізеді.