«ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІ» ҚҚ ОҚУШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Артқа қайту

Оқушылар сарайында «Жас журналистер» байқауы өтті. Оған облыс пен қаланың мектеп оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – заманауи журналистиканың озық үлгілерін меңгеру және орындау арқылы оқушы тұлғасының рухани мәдениетін қалыптастыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау. Байқау шарты бойынша қатысушы 6 кезеңнен өтуі керек еді: стенд-ап, «Ғажайып адамдар өмірі» – эссе жазу, үздік фотожұмыс, үздік әлеуметтік ролик, үздік сұхбат, үздік интернет-басылым. Әлеуметтік желілердің беттерінде сілтеме беру арқылы қатысушы барлық кезеңдер бойынша өз шеберлігін көрсетуі керек болды. Қазылар алқасының шешімімен барлық кезеңдерден сүрінбей өткен «Қызылжар Абай атындағы орта мектепте» қоғамдық қорының студенті София Норкина жүлделі үшінші орынға ие болды. 9-сынып оқушысы өз жұмысын мемлекеттік тілде орындады. Айта кету керек байқауға студентті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еділбаев Алмас Сәрсенбайұлы дайындаған. Құттықтаймыз!