Қызылжар Абай орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінің ұжымы мен оқушылары Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша басты мақсат – жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгертуге баулу, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Салтанатты шара мемлекеттік әнұраннан басталды. Оқушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы туралы викториналық сұрақтар қойылды. Патриот жастар Елбасы туралы барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берді.