СҚО білім басқармасы жетекшісі Нәзір Жәшібеков Қызылжар Абай орта мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебіне жұмыс барысымен облыстық білім басқармасының басшысы келді. Мейманды мектепке жуырда тағайындалған жаңа директор Әділбек Нұрланұлы мен ұжым өкілдері оқу ордасымен таныстырды. Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған жобаны облыстың білім басшысы алғаш рет көріп өзінің оң бағасын берді. Білім басқармасының басшысына Қызылжар Абай орта мектебінің жаңа кейпі мен материалдық-техникалық базасы ұнады. Айта кету керек қазіргі таңда мектебіміз ауданға қарасты білім ордаларына тәжірибе тарату жұмысын бір ізге қойып үлгерді. Жиын соңында алдағы жоспарлар мен жобалардың орындалу жолы талқыланды.