Қызылжар Абай мектебінің оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында топ жарды

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары ғылыми жобалар байқауында жақсы жетістіктерімен ерекшеленді. 8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 4 жоба және 2-7 сынып оқушылары арасында өтетін Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 2 командалық, 3 жеке жоба, барлығы 5 жоба қатысты. Барлығы екі байқауға 9 жоба, 11 оқушы қатысқан болатын. Оқушылар мен ұстаздардың еңбегі ақталып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ: 1️⃣11 сынып оқушысы Аманжол Дамир – 2 орын. Дамир «Тарих» секциясында «Тарихи білімді ақпараттандыру» тақырыбында дайындаған жобасын қорғады. Жетекшісі – Хайрушева Карина Сериковна. 2️⃣ 10 сынып оқушысы Қожахметова Сабина – 2 орын. Сабина «Әдебиет» секциясының қазылар алқасы назарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шериева Дина Балгабаевнаның жетекшілігімен дайындаған «Абайдың қара сөздерінің рухани-адамгершілік негіздері» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынды. 3️⃣ 11 сынып оқушысы Сұлтанахмет Дария – 3 орын. Дария «Проблема реабилитации участников крестьянского восстания 1921 года в Северном Казахстане как жертв политических репрессий» деген тың тақырып бойынша таих пәні мұғалімі Мұқанов Арман Мәлікұлының жтекшілігімен жаз бойы Петропавл қаласындағы облыстық мұрағат материалдарын зерттеп, жоба дайындап шықты. 4️⃣ 8 сынып оқушысы Насонова Ольга – 3 орын. Ольга «Влияние энергетических напитков на организм человека» тақырыбында дайындаған жобасын «Биология» секциясында қорғады. Ғылыми жетекшісі – Давтян Жульетта Карленовна. 5️⃣ 7 сынып оқушысы Оспанова Даяна – 1 орын. Даяна «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясында Петерфельд селосында тұратын ақын Надежда Серова-Волкованың шығармашылығы туралы «Поэты родного края» деген тақырыпта зерттеу жобасын дайындаған. Ғылыми жетекшісі – Шрайбер Елена Иосифовна. 6️⃣ 3 сынып оқушылары Аипов Мансур мен Великанов Марк – 2 орын. «Удивительный мир планет» деген тақырыпта дайындаған жобаларын қорғау барысында Мансур өз қолымен жасаған «Планеты солнечной системы» деген моделін таныстырды. Жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Тлеулесова Альфия Зейнуловна. 7️⃣ 7 сынып оқушылары Марченко София, Аипова Самира – 3 орын. Авторлар «Надписи на английском языке на одежде» тақырыбында зерттеу жобасын дайындаған болатын. Жетекшісі – ағылшын тілі пәні мұғалімі Еске Елена Александровна. Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары ғылыми жобалар байқауында жақсы жетістіктерімен ерекшеленді. 8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 4 жоба және 2-7 сынып оқушылары арасында өтетін Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 2 командалық, 3 жеке жоба, барлығы 5 жоба қатысты. Барлығы екі байқауға 9 жоба, 11 оқушы қатысқан болатын. Оқушылар мен ұстаздардың еңбегі ақталып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ: 1️⃣11 сынып оқушысы Аманжол Дамир – 2 орын. Дамир «Тарих» секциясында «Тарихи білімді ақпараттандыру» тақырыбында дайындаған жобасын қорғады. Жетекшісі – Хайрушева Карина Сериковна. 2️⃣ 10 сынып оқушысы Қожахметова Сабина – 2 орын. Сабина «Әдебиет» секциясының қазылар алқасы назарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шериева Дина Балгабаевнаның жетекшілігімен дайындаған «Абайдың қара сөздерінің рухани-адамгершілік негіздері» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынды. 3️⃣ 11 сынып оқушысы Сұлтанахмет Дария – 3 орын. Дария «Проблема реабилитации участников крестьянского восстания 1921 года в Северном Казахстане как жертв политических репрессий» деген тың тақырып бойынша таих пәні мұғалімі Мұқанов Арман Мәлікұлының жтекшілігімен жаз бойы Петропавл қаласындағы облыстық мұрағат материалдарын зерттеп, жоба дайындап шықты. 4️⃣ 8 сынып оқушысы Насонова Ольга – 3 орын. Ольга «Влияние энергетических напитков на организм человека» тақырыбында дайындаған жобасын «Биология» секциясында қорғады. Ғылыми жетекшісі – Давтян Жульетта Карленовна. 5️⃣ 7 сынып оқушысы Оспанова Даяна – 1 орын. Даяна «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясында Петерфельд селосында тұратын ақын Надежда Серова-Волкованың шығармашылығы туралы «Поэты родного края» деген тақырыпта зерттеу жобасын дайындаған. Ғылыми жетекшісі – Шрайбер Елена Иосифовна. 6️⃣ 3 сынып оқушылары Аипов Мансур мен Великанов Марк – 2 орын. «Удивительный мир планет» деген тақырыпта дайындаған жобаларын қорғау барысында Мансур өз қолымен жасаған «Планеты солнечной системы» деген моделін таныстырды. Жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Тлеулесова Альфия Зейнуловна. 7️⃣ 7 сынып оқушылары Марченко София, Аипова Самира – 3 орын. Авторлар «Надписи на английском языке на одежде» тақырыбында зерттеу жобасын дайындаған болатын. Жетекшісі – ағылшын тілі пәні мұғалімі Еске Елена Александровна.