«Аналар мектебі» үйірмесі – шәкірттерге жан-жақты тәрбие беру мақсатында іске қосылған жоба.

Артқа қайту

Үйірмеде балалар дәмі тіл үйірер безе жасау әдісін меңгерді. Балалар бұл тәттінің дәмін талай татқанымен, география пәнінің мұғалімі Айдана Тнееваның жетекшілігімен алғаш рет өз қолдарымен жасап көрді. Білікті ұстаз тағам дайындау әдісімен ғана емес өзінің ас әзірлеудегі құпиясымен бөлісті. Мәселен безені пісіру үшін пеште қалыпты температураны сақтау маңызды. Әйтпесе ол күйіп кетуі мүмкін. «Аналар мектебі» жобасының қатысушылары бәрін ойдағыдай жасап шықты. Тіпті тәттілерге бояғыштардың көмегімен түрлі реңк берді. Тағам әзірлеу барысы оқушылар үшін өте қызық өтті. Балалар тәтті жасауды үйреніп қана қоймай, бір-бірімен, мұғаліммен жақынырақ араласып, уақытты пайдалы әрі өте көңілді өткізуді. Осылайша оқушылар өмірге қажетті тағы бір дағдыны меңгерді.