МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Артқа қайту

Мектебімізге жұмыс сапарымен облыстық мәслихат депуттаттары келді. Халық қалаулылары өңірдегі сенімгерлік басқаруға берілген алғашқы білім ошағының жұмысымен танысты. Меймандар кабинеттерді аралап, білім беруде қолданылатын озық технологияларға оң бағасын берді. Ел көлемінде теңдесі жоқ білім ошғағы республикадағы алғашқы мемлекеттік-жекешелік бағдарламасы аясында қайта құрылған ауыл мектебі. Оқу орнын жаңғырту оқушылардың үлгеріміне оң әсер етті. Қазіргі таңда мектепте 270 оқушы білім алып жүр, дайындық сыныбы да бар. Жақын маңдағы ауылдардың балалары үшін мектеп жанынан интернат ашу жоспарланған. «Сыныптар барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Балалар жақсы білім алуға және осы білімді болашақта қолдануға әбден мүмкіндіктері бар. Мектепте жаңа технологиялар қолданылады, тегін тамақтануға, қосымша білім алуға болады», - деді облыстық мәслихат депутаты Сәуле Сұрағанова. Құтты қонақтар білім беру мекемесінің танымастай өзгергенін ерекше атап өтті. Мектепке құйылған инвестиция көлемі 250 млн теңгеден асады. Білім беруде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сай тек үздік технологиялар қолданылады.