Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер

Артқа қайту

Мектеп ұжымының басты мақсаттарының бірі – оқушыны жан-жақты әрі бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу. Бұл орайда білім ордасы мен ата-аналар арасындағы сабақтастық маңызды. Осы байланысты нығайта түсу мақсатында «Аналар мектебі» және «Әкелер кеңесі» жобасы іске қосылды. Онда ата-аналар мектепке келіп, оқушыларға ас әзірлеу, қолөнер бұйымдарын жасауды үйретеді. Жаңадан ашылған екі кабинет жұмысқа қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Ас бөлмесінде оқушылар өздерін үйдегідей сезініп, ұнаған тағамдарын әзірлей алады. Ас үйге қажет құрал-жабдықтар, заманауи тігін машинкалары, түрлі станоктар сатып алынғанын атап өткен жөн. Жаңа жобаға қатысу арқылы балалар түрлі өнерді меңгеріп қана қоймай сыныптастарының ата-аналарымен жақынырақ араласып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алады.