«Қарттарым-асыл қазынам»!

Артқа қайту

Қызылжар Абай орта мектебінде 1-қазан қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар сынып жетекшісі Гүлзира Серікқызының жетекшілігімен ата -әжелеріне сыйлыққа арнап құттықтау ашық хаттарын өз қолдарымен жасады. Сынып жетекшісінің айтуынша бұл балаларға бала күндерінен аға буын өкілдеріне деген құрмет сезімін оятады. Біз мектебіміздің атынан барша аға буын өкілдерін бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау болсын! Біз сіздерді құрметтейміз!