Ерлік ұмытылмайды

Артқа қайту

Ұлы Отан соғысына Солтүстік Қазақстан облысынан 90 мың жауынгер аттанды. Олар болашақ ұрпақ пен бейбіт өмір үшін аянбай тер төкті. Майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Осы орайда мектебімізде «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Жеңістің 77 жылдығына арналған сабақта оқушылар тырнақалды өлеңдерін оқып, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлардың ерлігі туралы баяндама жасады. Бұл сынып сағатының мақсаты оқушыларды сұрапыл соғыс жылдарында ерлік жасаған қазақстандықтардың есімін ұлықтап, жас ұрпаққа таныстыру. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың Ұлы Отан соғысының тарихы туралы білімдерін арттыра түсері анық.