Әскери дайындықтан сынға түсті

Артқа қайту

Әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жоғары сынып оқушылары үшін «Батыр-2022» жарысы өтті. Аудандық сайысқа 9-11 сынып оқушыларынан құрылған командалар қатысты. Балалар граната лақтыру, газқағар кию, батпақ пунктінен өту, пневматикалық винтовкадан ату, тікенді сымдар арқылы еңбектеп өту, алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды тасу, сондай-ақ Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру бойынша жарысты. Әрбір қатысушы қалаған жеңіске жету үшін көп күш жұмсады. Марш лақтыру қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушыларының командасы, 19 команда арасында 4-ші орынға ие болды.