World Robot Olympiad: Оқушылар бірнеше жүлде еншіледі

Артқа қайту

Петропавлда World Robot Olympiad 2022 байқауының облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Оған Қызылжар Абай мектебінің оқушылары қатысып, бірнеше жүлделі орынды елшіледі. Әр маусымда WRO жаңа тақырып аясында ұйымдастырылады. Биылғы олимпиада «Менің роботым – менің досым» атауға ие болды. Олимпиаданың облыстық кезеңі Петропавл қаласындағы NIS базасында ұйымдастырылды. Оған 4 мектептен жасақталған құрамалар – Қызылжар Абай орта мектебі, Қожаберген жырау атындағы No6 орта мектеп, қалалық бірінші жалпы білім беретін IT лицейі және Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы қатысты. Робототехника мен жасанды интеллекттің үйлесімі әлемді және бізді қоршаған ортаны өзгерте алады – оған робототехника олимпиадасының қатысушылары сенімді. Сондықтан жастар роботтарын күш сынастырып қана қоймай, адамға нақты көмек көрсете алатын машиналардың жобаларын да ұсынды. Осылайша «Болашақ инноваторлар» шығармашылық номинациясында жас ерекшеліктері бойынша Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары Максим Баранов пен Ольга Насонова иеленді. Станислав Жарткеев пен Данил Грабовскийден құралған команда жасөспірімдер арасында «RoboMission» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алса, үшінші орын да біздің мектептің тәрбиеленушілері Жансар Садриев пен Евгений Семячкоға бұйырды. Кіші топтағы «RoboMission» аталымы бойынша да Қызылжар Абай орта мектебінің балғындары 2-3-орындардан көрінді. Бірінші орындарға ие болған барлық командалар маусым айында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама иеленді. «Digital Urpaq» оқушылар сарайымен жасалған меморандум аясында мектебімізде робототехника үйірмесі ашылып, филиал ретінде жұмыс істеп келеді. Осылайша екіжақты келісім өз нәтижесін беруде. Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы World Robot Olympiad (WRO) - LEGO роботтар жарысы. Басты міндет – робот құрастыру және бағдарламалау. Және ол белгілі бір тапсырмаларды өздігінен орындауы шарт. Жыл сайын негізгі және шығармашылық категорияға арналған тапсырмалар әр түрлі, әдетте, жылдан жылға күрделене түседі. Бірінші фестиваль 2004 жылы Сингапурда өтті, қазір оған 54 елден 1500-ден астам дарынды балалар қатысады. 2022 жылы олимпиада Дортмунд қаласында өтеді. Республикалық кезеңде өнер көрсететін оқушыларымызға сәттілік тілейміз!