Қоржында «Caspian Startup» жолдамасы

Артқа қайту

Қызылжар Абай мектебінің оқушысы Жансар Садриев «Caspian Startup» байқауының ІІ кезеңіне жолдама алды. Caspian Startup – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің төл жобасы. Сайыстың басты мақсаты – белсенді жастар мен стартап, бизнес-идея іздеген кәсіпкерлерді жүздестіру алаңын қалыптастыру. Оған 7-11 сынып оқушылары мен студенттер қатыса алады. Байқауға «Ақылды үй» жобасын ұсынған оқушымыз Жансар Садриев, І турдан сүрінбей өтіп, ІІ кезеңге жолдама алды. Ол Ақтау қаласында өтетін сайысқа қатысып, тағы да бағын сынамақ. Сонымен қатар, барлық қатысушылармен бірге Astana Hub IT-жобалардың халықаралық технопаркінің екі апталық курсынан өтеді. «Ақылды үй» жобасы - «Digital Urpaq» оқушылар сарайында жасалғанын атап өткен жөн. Жансар оны жасау үшін көп еңбектенгенін атап өтті.