ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ ӨМІРМЕН ТАНЫСТЫ

Артқа қайту

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында «Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Отан қорғаушылар күніне» арналған ашық есік күні өтті. Әскери-патриоттық тәрбие жоғары патриоттық сананы, өз Отанына, әсіресе қазіргі өскелең ұрпаққа адалдық сезімін қалыптастыру бойынша маңызды бағыттардың бірі. ҚР Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері жоғары сынып оқушылары үшін ашық есік күндерін өткізуді дәстүрге айналдырған. Танымдық шара барысында Академия бастығының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Александр Корнилов ҰҰ Академиясының тарихы және жоғары оқу орынна түсу және оқу тәртібі туралы ақпаратпен бөлісті. Экскурсия барысында оқушылар оқу-материалдық базамен, арнайы аудиториялармен танысты, интерактивті лазерлік тирде атыс қаруынан оқу атыстарының жаттығуларын орындады. Оқушылар БТР механик-жүргізушілерінің оқу тренажерлары үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ оқушылар курсанттар казармасында, академиялар мұражайында болып, курсанттардың әскери формасын, спорттық құрал-жабдықтармен мен спорт бұрышының жабдықтарын, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесін қызығушылықпен қарады. Осы іс-шараға қатысқан 10-11 сынып оқушыларының көпшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында оқуға ниет білдірді.